Ерекше мәртебе ерекшеліктеріне арналды

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының Түркістан қаласына ерекше мәртәбе беру туралы ұсынысы бойынша арнайы заң жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен алқалы мәжіліс аталған заң жобасында көзделген ерекшеліктерге арналды.

Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов Заң жобасы шеңберінде көзделген өзгерістер бойынша баяндама жасады.

Басқосуға арнайы қатысқан облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым және Үкіметтік емес ұйым өкілдері пікірлерін ортаға салып, қала дамуының ендігі мүмкіндіктері туралы сөз қозғады.

Жаңа Заң жобасы Түркістанның еліміздің рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде қалыптасуының, сондай-ақ оның мемлекеттік маңызын танудың құқықтық негіздерін белгілейді. Сонымен қатар, әлеуметтік — экономикалық дамуы мен туристік әлеуетін арттыруға тың серпін беріп, септігін тигізері анық.

#Түркістан

x

Check Also

Түркістан: «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қолдау тапқан ерекше жобалар жүзеге асырылуда

Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы Түркістан облысында өз нәтижесін беріп жатыр. Ауыл тұрғындарының бірі жаңадан кәсіп ашса, ...

Түркістан: 12 жастағы Келестік оқушы smart сарқыраманың моделін құрастырды

Келес ауданында орналасқан Ә.Молдағұлова атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Әділбек Думан келешекте ақылды үйлерге арналған smart сарқыраманың ...