2024 жылдың басынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 28 мың жаңа орын ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

2024 жылдың басынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 28 мың жаңа орын ашылды

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша балабақшаларда жаңадан 28 мыңға жуық орын ашылды. Осылайша, балаларды сапалы түрде мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту 91,5%-ға өсті.

«Жаңа орындарды ашу — жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды салу, реконструкциялау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтар желісін кеңейту, мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке балабақшаларға орналастыру есебінен жоспарлануда. Бүгінде ол бойынша Павлодар облысы жоғары көреткішке қол жеткізді», — дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Елімізде жалпы саны 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасауда. Онда барлығы 1 миллионнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Биыл 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамту көрсеткішін 92,5%-ға дейін арттыру жоспарланған.

x

Check Also

Қазақстан құрамасы Халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды

2026 жылғы 13-21 шілде аралығында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (International Mathematical Olympiad, IMO) өтті. Әлемдегі ...

Түркістандағы Woosong University университетіне құжат қабылдау басталды

Түркістан қаласында орналасқан Woosong University университетіне 2026–2027 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау басталды. Қазақстан жастары енді шетелге шықпай-ақ Оңтүстік Кореяның ...