Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында «Халық заңгері» акциясы өтіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында «Халық заңгері» акциясы өтіп жатыр

Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтіп жатыр. Мақсат — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Осыған орай Түркістан облысының 17 аудан-қалаларында аталған акция ұйымдастырылуда. Ал облыс орталығындағы шара «Фараб» кітапханасында өтті. Онда 2000-ға жуық тұрғын тегін заңгерлік кеңес алды. Өңір тұрғындарына еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік заңгерлер қажетті кеңестер берді.

Шара ҚР Үкіметінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Әділет министрлігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, мемлекеттік билік органдарының және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттарының, «Zakon.kz» желілік басылымының, «Параграф» ақпараттық жүйесінің бірлесіп ұйымдастыруымен қолға алынған.

Айта кетейік, 2016-2023 жылдар аралығында еліміздің үздік сарапшылары мен мемлекеттік органдарынан 165 мыңнан астам ел азаматтары тегін құқықтық кеңес алған. Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» науқанының ел үшін қажет екені байқалып келеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...