Мерекелік шарада ер азаматтар марапатталды

Бүгін Сауран аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен 7 мамыр «Отан қорғаушылар» күні қарсаңында мерекелік жиын өтті. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров іс-шараға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтап, игі тілегін арнады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Баршаңызды 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен және де 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біз жуырда ғана Қазақстан халықының бірлігі күні мерекесін тойладық. Енді батыр азаматтарымыз бен ерліктің мерекесін атап өткелі отырмыз. 9 мамыр – адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстағы жеңіс күні. Бұл – атамекен, туған жерді жан сезіммен қастерлей білген, Отанға деген сүйіспеншілікті паш еткен мерейі үстем, мәртебесі биік мереке» – деді аудан әкімі.

Мерекелік шараға Сауран ауданының прокуроры Ғалымжан Қапалбайұлы, ҚР ҰҚК ТО Департаменті Сауран АБ-нің бастығы Қанат Саруварұлы, Сауран аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Алмат Құрлысбекұлы, Түркістан облысы Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы Дилмурад Абдурашитұлы, Сауран аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мұхтар Өтепбергенұлы қатысты.

Жиынға қатысушыларға ауданымыздың дамуына өзіндік үлес қосқаны үшін және Отан қорғау жолында ерлік көрсете білгені үшін аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, «Сауран ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері табыс етілді.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...