«Маржанкөл» қайта жарқырайды (видео)

Шымкентте көпжылдан бері қараусыз қалған «Маржанкөл» демалыс аймағы абаттандырылып жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі «24.kz» телеарнасына сілтеме жасап.

Көп ұзамай жаңаша кейіпке енеді – дейді жауаптылар. Қазір қоқыстан тазарту жұмысы мен құрылыс қатар жүріп жатыр.

Ел аузында «Маржанкөл» аталып кеткен орын біраздан бері күтімсіз қалды. Суы тартылып, жері құрғап кеткен. Күл-қоқыс қаптап, тұрғындардан шағым көбейді.

Бұл сонау 19-ғасырдың ортасында бұлақ көздерінен жасалған жасанды көлдің орны. Кейінгі онжылдықта қараусыз қалған жағажай енді қайта жаңғыртылатын болды. Көпшілік келіп сая табуы үшін шамамен 1 гектар жер көркейтіліп, айналасына субұрқақтар орнатылмақ.

Қазір жасанды көлді жаңғырту қарқын алды. Жұмысшылар көл табанын бетондап, бұлақ көздерін қайта ашуға кірісті. Жоспар бойынша айнала толық абаттандырылады. Шамдар мен орындықтар орнатылады. Осылайша көпшілік серуен құратын саябақ заманауи кейіпке енеді. Жаңа субұрқақтар пайда болады.

Атабек Құрбанбаев, қала тұрғыны:
— Автобустарға мініп, осы жерге келіп, бала кезімізде шомылатынбыз. Ортасында әдемі нәрселер мен дарақтар болған. Кейін біраз қараусыз жатты. Рақмет, кім істеп жатқан болса да. Ол өте жақсы нәрсе.

Молдияр Мархабай, қала тұрғыны:
— Саябақтарды көбейтетін болса әрине бәріне жақсы ғой. Кешке жақын бәрі келіп, қыдырады. Қазір далаға шықсаң сигнал, машинаның шуы, түтін. Оның үстіне Шымкент ыстық қала. Сәл осындай фонтандарды көбейту керек.

Көпшіліктің өтініші «Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы ескерілді. Олар көп созбай, демалыс орынын жаңғыртуға кірісті. Ауқымды жобаға кәсіпкерлер демеушілік жасады,-дейді салаға жауаптылар

Әбілқайыр Оңғар, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы:
— Осы жылдан бастап гүлзарлардың саны арта бастайды. Жоспар бар. Көл аумағының құрылыс жұмыстарына бюджет қаражаты жұмсалмайды. Бұл жұмыстар кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен жүргізіліп отыр.

Қала аумағында Жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты 10 саябақ пен 44 гүлзар бар. Бұдан былай, сала мамандары қараусыз қалған жасанды көлді де меншігіне алды. Арнайы құрылған жұмысшылар тобы күл-қоқысты тазартып, күтіп-ұстау жұмыстарына жауапты болады.

© 24.kz телеарнасы

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Программа «Таза Қазақстан»: в Шымкенте все больше горожан, заботящихся об экологии

Пока общество не борется с экологическими проблемами, которые беспокоят мир, результаты невелики. Поэтому суть экологических мероприятий в рамках программы «Таза ...