Шымкентте кәріз суын тазарту кешені салынып жатыр (видео)

Шымкентте кәріз суын тазартатын жаңа кешеннің құрылысы аяқталуға жақын,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі «24.kz» телеарнасына сілтеме жа

Нысан іске қосылса тәулігіне 50 мың текше метр қалдық суды қайта өңдей алады. Енді қаладағы кәріз жүйесіне қосылатын аумақ көлемі 60%-ға жетеді деп жоспарланып отыр.

Кәріз суын тазартатын кешенді ұлғайтуға бағытталған төртінші желінің құрылысы аяқталды. Қазір компания өкілдері соңғы техникалық жұмыстарды пысықтап, нысанды іске қосуға қамданып жатыр. Бұған дейін тәулігіне 150 мың текше метр қалдық су тазартылатын. Енді өңдеу қуаты тағы 50 мыңға артатын болады.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:
— 50 мың текше метр сарқынды су арнайы сүзгіден өткізіліп мынадай бассейнге құяды. Осында микроорганимзнің әсерінен биологиялық өңдеу процесі жүреді. Нәтижесінде тазартылған су қайта тұндырылып, кәдеге жаратылатын болады.

Яғни өңделген қалдық судан қажетті биогаз шығарылады. Одан электр энергиясы өндіріліп, тазарту кешенін 95% қуат көзімен қамтымақ. Мұндай әдіс бұрыннан қолданыста бар. Ал қайта тұндырылған судың өзі техникалық мақсатта шаруашылыққа пайдаланылады. Бұл қаланың кәріз жүйесін кеңейтуге мүмкіндік береді, — дейді мамандар.

Жанатбек Тұрдалиев, Су ресурстары компаниясы басшысының орынбасары:
— Барлығынан келетін шайынды сулар осы біздің қалалық тазарту қондырғыларына келіп түседі. Қуаты, шамасы жетпей жатыр. Сондықтан осындай жағдайды ескеріп, алдағы қаланың дамуын ескеріп, 200 мың текше метрге дейін қуаттылығын арттыру жобаланған. 2026 жылға дейін суларды тазарту жөніндегі проблема толық шешіледі.

2 жыл бұрын ел үкіметі тазарту қондырғыларының құрылысы мен ескісін жаңғырту жөнінде бағдарлама қабылдаған болатын. Жобаны халықаралық ұйымдар арқылы қаржыландыруға келісім жасалды. Осылайша мегаполистегі құрылысқа 3 млрд 700 миллион теңге бағытталды.

Майра Қарасаева, Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілі:
— Бұл бағдарлама қалаларға инвестиция тартып, реформа арқылы экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі. Жалпы біздің банк 2025 жылға дейін Қазақстанда және басқа елдерде жасыл жобаларға үлкен көңіл бөлеміз.

Қазір Шымкенттегі тұрғын үйлердің 46% кәріз жүйесіне қосылған. Жаңа нысан пайдалануға берілсе, көрсеткіш 60%-ке жетеді. Ал мәселені түбегейлі шешу үшін бас жоспарға толықтырулар енгізілді. Осылайша алдағы үш жылдың ішінде 350 мың текше метр қалдық суын тазартатын тағы бір ірі нысан салынбақ.

© 24.kz телеарнасы

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Программа «Таза Қазақстан»: в Шымкенте все больше горожан, заботящихся об экологии

Пока общество не борется с экологическими проблемами, которые беспокоят мир, результаты невелики. Поэтому суть экологических мероприятий в рамках программы «Таза ...