Месячные архивы: Сентябрь 2023

Түркістанда «тәрбиелі жастар — қауіпсіз қоғам» форумы өтті

Жастардың қоғамдағы орны қаншалықты маңызды екенін, қандай жауапкершілік жүктейтінін, қауіпсіз қоғам құрудың маңызын ұқтыруды көздеген басқосуды Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков ашып берді. Сондай-ақ облыс орталығында 14 пен 35 жас аралығындағы жастар 70 256 екенін, бұл қала тұрғындарының шамамен үштен бір бөлігін құрайтынын жеткізді. Қаламыздың рухани астанаға айналуында жастарға жүктелер міндет салмақты екенін тілге тиек еткен шаһар басшысы, еңбек пен ...

Читать далее »

Сайрамдық кәсіпкер 20 гектардан 50 тонна қияр өнімін алды

Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі Қасымбек-Датқа ауылында орналасқан «Бозінген» шаруа қожалығы 1989 жылдан бері егін және мал шаруашылығын қатар өркендетіп келеді. Биылғы жылы бірінші өнімге мал азықтық дақыл жоңышқа егіп, екінші өнімге тамшылатып суару әдісімен 5 гектар жерге қияр еккен. Кәсіпкер Әбілқасым Мустафаев биылғы маусымда 50 тонна қияр өнімін алған. Егілген голландиялық қияр сортын аудандағы консервіленген өнімдерді шығаратын кәсіпорын сатып ...

Читать далее »

Шымкентте үш деңгейлі жолайрық көлік қозғалысына ашылды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей тапсырмасы бойынша Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында 3 деңгейлі жолайрығының ең жоғарғы эстакадасы — Бәйдібек би даңғылы көлік қозғалысына ашылды. Оқу жылының басталуына орай жиілейтін көлік қозғалысы ескеріліп, құрылыс қарқыны күшейтілген болатын. Шымкент автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрғандықтан, соңғы жылдары жол құрылысына басымдық берілді. Бұл жолайрық — қалада кептелісті азайтып, көліктерге қолайлы ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды: «Елге қажетті әрі туризмді дамытуға серпін беретін нысандар салуға басымдық берілсін»

Түркістан облысында және Түркістан қаласында салынатын әрбір нысанның құрылысы сарапшылардың талдауынан өтіп барып жүзеге асады. Оның сәулеті, идеологиялық мәні талқыланып, құрылыс материалдары да қатаң сараптаудан өтуде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен сәулеттік жобалар талқыланған жиында облыста салынатын және салынуы ықтимал нысандардың жобасы сараланды. Өңір басшысы әрбір сәулеттік жобаға жеке-жеке тоқталып, жауапты басқарма мен мамандарға тиісті тапсырмалар берді. – Елге қажетті ...

Читать далее »

Жетісай ауданында жалпы саны 3900 орындық бес мектептің құрылысы жүріп жатыр

Аудан әкімі Серік Мамытов Жетісай қаласындағы Дайрашев көшесі бойындағы 300 орындық мектептің құрылысымен танысты. Нысан осыдан төрт жыл бұрын құрылысы басталып, аяқсыз қалған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қайта жанданып, ғимарат желтоқсанын айында пайдалануға тапсырылмақ. Бұдан бөлек, жалпы саны 82 мектебі бар ауданда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округтерінен 600 орындық, ...

Читать далее »

Түркістандықтар армрестлингтен әлем чемпионатында 28 алтын медаль жеңіп алды

Алматы қаласында өткен Армрестлингтен 44-Әлем чемпионатында Шардара ауданының спортшылары 28 алтын медальға ие болды. Сонымен қатар, түркістандықтар 10 күміс және 5 қола медальға қол жеткізіп әлемдегі үздік клуб екенін тағы да дәлелдеді. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте 1-орынды абыроймен жеңіп алды. Бүгінде Шардара ауданындағы Армспорт мектебін «Чемпиондар шеберханасы» деп атауға болады. 2001 жылы негізі қаланған «Shardara Arm» спорт кешенінен ...

Читать далее »

Келесте шағын және орта бизнес өкілдері 32,6 млрд теңгенің өнімін өндірген

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру, аймаққа инвестиция тарту тапсырмасын жүктеген болатын. Облыс басшысының бастамасымен Түркістан облысының оңтүстік аудандарының басшылары облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, тәжірибе алмасу, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Қытай еліне іссапарға барған болатын. Нәтижесінде биыл Келес ауданында қосымша 2,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Сонымен қатар, ...

Читать далее »

Отырарда мемлекеттік қолдаумен кәсіп ашқандар саны артып келеді

Бүгінде Отырар ауданында мемлекет тарапынан түрлі бағытта арнайы бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың қатары артып келеді. Соның бірі аудандағы Қарғалы ауыл округінің тұрғыны Айдар Жүнісбай. Ол жеке кәсіпкер ретінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мемлекеттен 3 миллион теңге несие алып, Жамбыл облысынан сүт бағытындағы алты бұзаулы сиыр сатып алған. Кәсіпкердің айтуынша, ол мемлекеттік бағдарламаның арқасында жеке ...

Читать далее »

“Қазығұрт” брендімен кір сабын өндіріле бастады

Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылдық округінің тұрғыны Айдос Сарыбай мемлекеттік бағдарламамен 1 млн. 300 мың теңге қайтарымсыз грант алып, кір сабын өндіретін жеке кәсібін ашқан. Ол өз кәсібін бастау үшін Тараз қаласында сабынды өндірудің әдісін үйреніп, арнайы құрылғы сатып алған. Өндірістің басталғанына көп уақыт болмаса да өнімге деген сұраныс күн сайын артып келеді. Кәсіпкердің айтуынша, тәулігіне 1 мың данаға жуық кір ...

Читать далее »

Ғ.Сыздықбеков алғашқы жұмыс күнін тұрғындарды қабылдаудан бастады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Көрме» орталығында қала тұрғындарын қабылдап, алғашқы жұмыс күнін жергілікті халықтың талап-тілектерін тыңдаудан бастады. Қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында 300-ден аса тұрғын өтінішін білдірді. «Көрме» орталығында әкім орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері, басқарма басшылары мен сала мамандары қабылдауға келген азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, бағыт-бағдар беріп, тиімді шешу жолдарын қарастырды. Ғабит Әбдімәжитұлы халықпен ашық диалог құруға ...

Читать далее »

Елімізде атом электр станциясын салуды жалпыхалықтық референдум анықтайды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жеткізді. Президент халқымыздың жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын айта келе, Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам екенін түсіндірді. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс екенін ескертіп, мынандай нақты бағдарлардың жүзеге асырылуын тапсырды. Олар жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына ...

Читать далее »

Президент: Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жиынға мәжіліс және сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сасат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты. Жолдауда баса назар аударылған мәселелердің бірі Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылуы. Мемлекет басшысы су дегеніміз – үнемдеп ...

Читать далее »

«Ұлы дала жорығына» қатысушы шабандоздар астанадан Түркістанға жолға шықты

Астанада «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгесі басталды. Екінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа биыл 19 команда өте жақсы дайындалған. Төзімділік пен шыдамдылықты, қайсарлықты талап ететін сайыс Астана маңындағы Қаражар ауылынан басталды. Жарыс жолының қашықтығы 1300 шақырымды құрайды және бағыт Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтиды. Марафон 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады. Жорық 14 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің қашықтығы – ...

Читать далее »

В Туркестане ведется набор специалистов для развития сферы культуры

Культурно-духовная сфера в Туркестанском регионе активно развивается. Сегодня в многопрофильном комплексе «Конгресс-холл» прошел второй этап отбора по приему новых специалистов. Из числа артистов был сформирован вокальный, классический, традиционный оркестры, танцевальный коллектив. Специалистов оценивала профессиональная комиссия, состоящая из лучших представителей искусства Казахстана. На сегодняшний день заявки подали более 40 претендентов, из них 21 прошел отбор. А до этого были отобраны 33 ...

Читать далее »

Түркістанда мәдениет саласын дамытатын жаңа мамандар қабылданып жатыр

Түркістан өңірінің рухани-мәдени саласын дамытуға оң қадамдар жасалуда. Бүгін «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде жаңа мамандарды қабылдау бойынша іріктеудің екінші кезеңі өтті. Өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктелді. Мамандарды Қазақстанның үздік өнер иелерінен құралған кәсіби комиссия бағалады. Бүгінгі күнге 40-тан астам үміткер өз өтінішін білдіріп, соның 21-і өтті. Ал бұған дейін 33 өнерпаз іріктеліп, жалпы 54 маман ...

Читать далее »

Телефонмен жасалатын алаяқтық

Телефон нөмірі, ол әсіресе кез келген ресми нөмірге ұқсас болса, алаяқтардың тиімді құралына айналуда. Оларға алданып қалмаудың қандай амалдары бар, бірге талдап көрейік.  Неден сақтану керек? Алаяқтар қолданатын әлеуметтік инженерияның заманауи әдістері тіпті тәжірибелі және қаржылық сауатты адамды да шатастыруы мүмкін. Сондықтан азаматтардың қаражатты жоғалтуына байланысты көп жағдайларда зардап шеккендер шотқа қол жеткізу үшін барлық қажетті ақпаратты алаяқтарға өздері хабарлайды. ...

Читать далее »

Электрондық цифрлық қолтаңбаңызға сақ болыңыз (видео)

Қазіргі уақытта өмірімізді электрондық цифрлық қолтаңбасыз (ЭЦҚ) елестету қиын, оның көмегімен біз тәуліктің кез келген уақытында және аптаның кез келген күнінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аламыз, оның көмегімен онлайн-қабылдау бөлмелеріне жүгінеміз, тұрғын үй кезегін қадағалаймыз, мәмілелер және тағы басқалар жасасамыз. Алайда, мұның кері жағы да бар: егер сіз қырағылық танытпай, электрондық цифрлық қолтаңбаңызға сақ болмасаңыз, алаяқтардың құрбаны болуыңыз әбден ықтимал,-деп хабарлайды ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды қытай делегациясымен жаңа жобаларды талқылады

Түркістанға Қытайдың Шаньдун провинциясынан делегация келді. Шаньдун Қытайдың барлық аймақтары арасында ШҰАР мен Пекиннен кейінгі Қазақстанның үшінші сауда серіктесі. Аталған провинция мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жыл басынан бері 1 млрд долларды құрады. Бұл сапар Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Қытай Халық Республикасы делегациясымен бүгін Түркістан облысы әкімі Дархан ...

Читать далее »

В Туркестанской области может возникнуть дефицит угля и рост цен

По Туркестанской области ведутся интенсивные работы по подготовке к отопительному сезону. Однако, жители и тепличные хозяйства не спешат закупаться углем. Необходимо с сегодняшнего дня позаботиться об этом, не дожидаясь резких холодов и непогоды. Ведь с наступлением холодов возможны увеличения очередей на уголь и поднятие цен перекупщиками. Поэтому эксперты говорят, что необходимо заранее закупать угольное топливо и вовремя его поставлять. По ...

Читать далее »

Түркістан облысында көмір тапшылығы орын алып, баға өсуі мүмкін

Түркістан облысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дегенмен, тұрғындар мен жылыжай шаруашылықтары көмір сатып алуға асығар емес. Күннің күрт сууы мен ауа райының бұзылуын күтпестен, осы кезден бастап қысқа қамдана беру керек. Өйткені, қыс түскенде, көмір алуға кезек көбейіп, алып-сатар делдалдар бағаны көтеруі мүмкін. Сондықтан мамандар көмір отынын ертерек сатып алып, уақтылы қамдану қажеттігін айтады. Өңірлік операторлардың ақпаратына ...

Читать далее »