Отырарда мемлекеттік қолдаумен кәсіп ашқандар саны артып келеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Отырарда мемлекеттік қолдаумен кәсіп ашқандар саны артып келеді

Бүгінде Отырар ауданында мемлекет тарапынан түрлі бағытта арнайы бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың қатары артып келеді.

Соның бірі аудандағы Қарғалы ауыл округінің тұрғыны Айдар Жүнісбай. Ол жеке кәсіпкер ретінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мемлекеттен 3 миллион теңге несие алып, Жамбыл облысынан сүт бағытындағы алты бұзаулы сиыр сатып алған.

Кәсіпкердің айтуынша, ол мемлекеттік бағдарламаның арқасында жеке кәсіп ашып, біршама табыс тапқан. Қазіргі таңда әрбір сиырдан күніне 10-15 литр сүт алады. Алдағы уақытта сүт өнімдерінен құрт, май, ірімшік секілді өнімдерді өндіруді көздеп отыр.

Айта кетсек, аталған бағдарлама аясында Қарғалы ауыл округінің 47 азаматы өз кәсіптерін қолға алу мақсатында «Ырыс» МҚҰ-на ұсыныс берсе, қазіргі таңда 25 азаматтың өтініші мақұлданып, оларға 132 миллион теңге қаражат берілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектеп-интернаты ашылды

Түркістанда балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына және футболдан кәсіби шеберлігін шыңдауына мүмкіндік беретін Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектеп-интернаты пайдалануға ...

Түркістанда жаңа 540 орындық мектеп оқушыларға есігін ашты

«Білім күні» мерекесінде түркістандық оқушылар және педагогтар үшін жағымды жаңалықпен басталды. Мереке күні қаладағы Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім ...