Қазақстандық жастар энергетиктерден кейін ауруханаға түсіп жатыр — кардиолог

Жастардың энергетикалық сусындардан кейін жүрек талмасына шалдығып, ауруханаға түсуі жиілеп кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы қалалық кардиологиялық орталық директоры Алмат Қодасбаев айтты.

Оның айтуынша, науқастар жиі жаман әдеттерден бірден бас тарта алмай, денсаулығын нашарлатып алады.

«Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары жасарып барады. Біздің негізгі контингентіміз 60-70 жастан асқан, бірақ кейінгі кездері жүрек ауруларының әртүрлі түрімен ауыратындар жиі кездеседі. Негізгісі, артериялық гипертензия – бақылаусыз, саны көп. Тағы бірі инфаркт — стресс, эмоционалдық күйзеліс, зиян сусындарды шамадан тыс тұтынудан организмді шамадан тыс жүктеудің салдары. Бізге энергетиктерді қолданғаннан әртүрлі жүрек ауытқуы бар науқастар жиі келеді», — дейді Алматы Кодасбаев.

Өкінішке қарай, энергетикалық сусындардың жүрекке әсері туралы ғылыми зерттеулерге жеткілікті көңіл бөлінбейді дейді маман.

«Өндірушілер бұл сусын ағзаға зиян деп санамайды. Анамнез жинау кезінде пациенттер энергетикалық сусындарды асыра пайдаланғанын айтады. Жүрек соғу жиілігі өзгереді, жалпы патология байқалады. Энергетикалық сусындарға тыйым жоқ, бірақ әрбір денсаулығын қадағалайтын адам жақсы жарнамаға қарамастан, энергетикалық сусындардың ағзаға зиян екенін білуі керек», — дейді кардиохирург.

Маман жаман әдеттерден бас тартуды, салауатты өмір салтын ұстануды, жейтін тағамның сапасын қатаң бақылауды ұсынады.

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Түркістан жоғары медициналық колледжі республикалық байқауда Үздік білім беру ұйымы атанды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Санжар Жапарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық ...