Түркістан облысының ауылдарында тегін медициналық көмек көрсетілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысының ауылдарында тегін медициналық көмек көрсетілуде

«Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жылға, Шеңгелді, Бадам, Игілік және Састөбе ауылдарының тұрғындарына тегін медициналық және заңгерлік көмек көрсетеді.

Пойыздың кестесіне сәйкес: Жылға ауылында – 6-8 қараша, Шенгелдіде – 9-10 қараша, Бадамда – 11-12 қараша, Игілікте – 13-14 қараша, ал Састөбеде – 15 қараша күндері жұмыс істейді. Бұған дейін пойыз Екпінді, Бесарық, Шойтөбе, Күншағыр және Тимур ауылдарының тұрғындарын қабылдап үлгерді.

Барлық медициналық қызметтер тегін көрсетіледі. Көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы жоқ азаматтар да ала алады.

Қабылдауды 29 дәрігер жүргізеді. Негізгі бағыттар: терапия, хирургия, педиатрия, кардиология, неврология, оториноларингология, офтальмология, стоматология, гинекология, урология, функционалдық диагностика, рентген және психология.

Кеңес беруден бөлек, пойызда УДЗ, ЭКГ, флюорография, гастрофиброскопия, зертханалық талдаулар және басқа да тексерулерден өтуге болады. Қажет болған жағдайда дәрігерлер кішігірім хирургиялық операциялар жасайды. Барлық санитарлық және техникалық талаптар сақталған, пойыз заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған.

Дәрігерлермен қатар ауыл тұрғындарын ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері – заңгерлер мен медиаторлар да қабылдайды. Олар еңбек даулары, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу, сот және құқықтық рәсімдер бойынша кеңес береді.

Биылғы жылы медициналық пойыз еліміздің 123 елді мекенін қамтиды. Алты ай ішінде 100 мыңнан астам адам сапалы медициналық көмек алады. Бұл – әсіресе, аудан орталықтарынан шалғай орналасқан ауыл тұрғындары үшін маңызды мүмкіндік.

Түркістан облысындағы жұмысты аяқтаған соң пойыз Жамбыл облысына жол тартады.

Жоба 2010 жылдан бері «Самрұрық-Қазына» АҚ тобы атынан әлеуметтік жобаларды дамыту қоры – Samruk-Kazyna Trust, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссияның серіктестігімен жүзеге асырылып келеді.

Медициналық пойыздың өзекті қозғалыс кестесі www.medpoezd.kz сайтында жарияланған.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...