Қаланың білікті дәрігерлері ауырсынуды басатын медициналық әдіс үйреніп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Қаланың білікті дәрігерлері ауырсынуды басатын медициналық әдіс үйреніп жатыр

Егер буын-буыныңыз сырқырап, сырқатыңыз жанға батса, бірден дәрігерге жүгінесіз. Ал денеңізді дендеген дерт емдеуге келмей, операцияны ағзаңыз көтермейтін болса не істеу керек. Бұл жағдайда абзал жандар ауырсынуды басатын жаңа әдісті қолданып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни қабынып тұрған жүйке талшығын күйдіріп, жансыздандырады. Бірақ бұған дейін Қарағанды дәрігерлері мұндай әдісті рентгенмен жасап келсе, енді УЗИ арқылы жасауды үйреніп жатыр. Себебі рентген ағзадағы жүйке талшықтарының барлығын бірдей көрсете бермейді екен. Ресейден келген білікті мамандар үш күн бойы шеберлік сабағын өткізеді.

Шолпан Қауынбекова, нейрохирург:
– Бізде Қазақстанда жасалады. Бізде де жасаймыз. Осы клиника Макажановада травматологтар да, нейрохирургтар да оны қолданады. Бірақ біз оны рентген арқылы жасаймыз. Ал біздің бүгінгі келіп жатқан әріптестеріміз олар бізге УЗИ арқылы жасауды үйретіп жатыр. Өз тәжірибелерін бөлісіп жатыр. Енді біз соны болашақта, сондай әдістерді клиникамызда практикамызға енгізуді қарастырып жатырмыз.

x

Check Also

Түркістандық кәсіпкерлерге МӘМС төлемдері мен еңбек заңнамасы түсіндірілді

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында Білім беруді және медицинаны дамыту және Өңдеу өнеркәсібі салалық кәсіпкерлер кеңестерінің бірлескен отырысы өтті. Жиында жұмыс ...

Түркістан: Майтөбе ауылында жаңа медициналық нысан ашылды

Республика күні мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе ауылында тұрғындар игілігіне арналған жаңа медициналық нысан салтанатты түрде ашылды. Адам денсаулығы ...