Қаланың білікті дәрігерлері ауырсынуды басатын медициналық әдіс үйреніп жатыр

Егер буын-буыныңыз сырқырап, сырқатыңыз жанға батса, бірден дәрігерге жүгінесіз. Ал денеңізді дендеген дерт емдеуге келмей, операцияны ағзаңыз көтермейтін болса не істеу керек. Бұл жағдайда абзал жандар ауырсынуды басатын жаңа әдісті қолданып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни қабынып тұрған жүйке талшығын күйдіріп, жансыздандырады. Бірақ бұған дейін Қарағанды дәрігерлері мұндай әдісті рентгенмен жасап келсе, енді УЗИ арқылы жасауды үйреніп жатыр. Себебі рентген ағзадағы жүйке талшықтарының барлығын бірдей көрсете бермейді екен. Ресейден келген білікті мамандар үш күн бойы шеберлік сабағын өткізеді.

Шолпан Қауынбекова, нейрохирург:
– Бізде Қазақстанда жасалады. Бізде де жасаймыз. Осы клиника Макажановада травматологтар да, нейрохирургтар да оны қолданады. Бірақ біз оны рентген арқылы жасаймыз. Ал біздің бүгінгі келіп жатқан әріптестеріміз олар бізге УЗИ арқылы жасауды үйретіп жатыр. Өз тәжірибелерін бөлісіп жатыр. Енді біз соны болашақта, сондай әдістерді клиникамызда практикамызға енгізуді қарастырып жатырмыз.

x

Check Also

Түркістан облысында 1,7 миллион адам МӘМС жүйесі арқылы сақтандырылған

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, медицина саласын жаңғырту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру бағытында Түркістан облысында бірқатар оң өзгерістер ...

Дәрігерлер сирек кездесетін мойа-мойа ауруына шалдыққан балаға күрделі ота жасады

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер сирек кездесетін ми қан тамырлары ауруына шалдыққан 13 жастағы науқасқа күрделі ота жасады. Мойа-мойа ...