ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Иордания астанасы Амманда өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы 6 алтын, 7 күміс және 8 қола еншілеп, жалпы есепте бірінші оырнға ие болды. Ортақ жеңіске Түркістан облысының спортшылары да үлес қосты.
51 келіде Сәкен Бибосынов күміс жүлдегер атанса, 86 келіде Сағындық Тоғамбай қола медаль джеңіп алды.
Тағы бір айта кетерлігі, 48 келіде Азия чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай Түркістан облысы, Келес ауданында дүниеге келген. Бүгінде астанада тұрады. Ол финалда жапон спортшысымен жұдырықтасып, айқын басымдықпен ұтты. Талантты спортшы финалға дейін Өзбекстан, Қырғызстан және Үндістан спортшыларын жеңген болатын.
x

Check Also

Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуын қаржыландырып келеді. Алайда жүргізілген тексерістер барысында ...

ОСМС: В Шымкенте оказано более 300 высокотехнологичных медицинских услуг

В Шымкенте с начала года в рамках обязательного социального медицинского страхования было оказано свыше 300 высокотехнологичных медицинских услуг. Значительное финансирование ...