САЛАУАТТЫ ЖАСТАР-САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ

Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (СПИД) және нашақорлықтың алдын алу мақсатында ішкі істер органдары мен медициналық ұйым қызметкерлері “Халықаралық туризм және меймандостық” университетінің студенттерімен кездесті.
Кездесуге Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Әметбеков Әділет Тынышбайұлы және Түркістан қалалық полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция капитаны Ілияс Тастемір Оңалбекұлы қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты — жастар мәдениеті, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден, яғни темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.
Аталмыш шарада жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері қаралды.
Сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды .Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланды.
Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды.
Кездесу соңында тыңдаушылардың назарына есірткі заттарын дайындау, тарату және пайдалану фактілері туралы хабарлауға болатын телефон нөмірлері, сондай-ақ тәулік бойы психологиялық көмек көрсету қызметінің телефон нөмірлері берілді.
x

Check Also

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...