ЖЫЛ САЙЫН 5000-ҒА ЖУЫҚ СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАС АНЫҚТАЛАДЫ

ЖЫЛ САЙЫН 5000-ҒА ЖУЫҚ СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАС АНЫҚТАЛАДЫ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 1993 жылы қазан айын сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес айы деп жариялады.
Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі әйелдердегі қатерлі ісіктер құрылымында 1-ші орында тұр. Орта есеппен Қазақстан Республикасында жыл сайын 5000-ға жуық сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқас анықталып, 1200-ге дейін әйел қайтыс болады.
Сүт безі қатерлі ісігінің ерте сатысында уақытылы диагноз қойылған кезде пациенттердің толық емделуі 95 пайызға дейін жетеді.
Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша әйелдерге арналған Ұлттық скрининг жүргізіліп келеді. Тегін скринингті тұрғылықты жері (тіркелген жері) бойынша емханаларда 40-70 аралығындағы әйелдерге өтуге болады.
2021 жылы сүт безі қатерлі ісігінің скринингі бойынша 787 619 әйел тексерілді (бұл жоспардан 85,5%-ын құрады). Тексеру қорытындысы бойынша сүт безі қатерлі ісігі 1 403 әйелдерде анықталды.
Онкологтар әйелдерге гинеколог пен маммологтан кемінде жылына бір рет тексерілу керектігін ескертеді.
Сүт бездерінің қандай өзгерістеріне назар аудару керек?
· Сүт безінің мөлшері мен пішінінің өзгеруіне;
· Емізіктің тартылуына және оның басқа жаққа өзгеруіне;
· Эрозия, қақырық немесе емізік қыртысы;
· Емізіктен сұйық ағуы;
· Емізіктің сыртқы түрінің өзгеруі;
· Кеудеде, қоршаған тіндерде немесе қолтық асты аймағында ісіну, қалыңдау немесе ісіктің пайда болуына;
· Кеуденің бір бөлігінде, сүт безінің айналасында немесе қолтық асты аймақта тұрақты ауырсынудың пайда болуына назар аудару керек.
Сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқастарды химиотерапия, сәулелік терапия, радикалды хирургиялық араласу сияқты мамандандырылған емдеумен қатар Қазақстанда әйелдерге реконструктивті-қалпына келтіру (пластикалық) операциялары қолданылады. Бұл емдеу әдісі косметикалық ақауды жоя отырып, радикалды емдеуден кейін бірден жетіспейтін сүт безін хирургиялық модельдеуден тұрады. Сүт безі қатерлі ісігінің реконструктивті операциялары әйелге сүт безінің пішінін қалпына келтіруге және айтарлықтай психологиялық дискомфорттан арылуға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы барлық онкологиялық ауруларды емдеуді ТМККК шеңберінде мемлекет толығымен қаржыландырады.
2022 жылғы 15 қазанда (сенбі күні) Қазақстанның онкологиялық ұйымдарында маммологтар біріңғай Ашық есік күнін өткізеді. Әйелдер мен қыздар сүт безінің патологиясын ерте анықтау үшін тегін тексеруден өтіп, дәрігерлерден білікті кеңес ала алады.
Егер ісікке күдік пен көрсеткіш болған жағдайда, әйелдер егжей-тегжейлі ары қарай тексеруге жіберіледі (ультрадыбыстық, биопсия, пункциялық биопсия және т.б.).