ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ СОҢҒЫ ҮЛГІДЕГІ АППАРАТТАР АЛЫНДЫ

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимовтың ұйымдастыруымен «Абай» Келес аудандық ауруханасы ШЖҚ МКК-ның зертхана бөліміне және ауылдық аймақта орналасқан емдеу мекемесіне соңғы үлгідегі автоматтандырылған анализаторлар алынды.
«Ақтөбе» ауылдық округінде, 12 мыңнан аса халыққа медициналық қызмет көрсетіп отырған «Ақтөбе» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына зертхана қызметін қолжетімді ету мақсатында 2 дана автоматтандырылған соңғы үлгідегі анализаторлар қойылды. Ақтөбе БМСККО- ға қойылған анализаторлар жақын маңда орналасқан «Бозсу», «Қаратөбе», «Көкпулақ», «Аманат», «Жүзімдік» ДЕ-лерге қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ «Қошқар ата» ауылдық округіне қарасты Қошқар ата дәрігерлік емханасына 1-автоматтандырылған соңғы үлгідегі анализатор қойылды. Ол өз кезегінде Бесқұбыр БМСККО мекемесініңде зерттеулерін қоса анализдерді жасауға мүмкіндік береді.
«Абай» Келес аудандық ауруханасында орналасқан орталықтандырылған зертхана бөліміне соңғы үлгідегі 3 дана автоматтандырылған (Гематологиялық анализатор, автоматтандырылған биохимиялық анализатор, автоматтандырылған коагулометр) алынды. Қазіргі таңда орталықтандырылған Абай зертханасында ауыл халқын скринингтік анализдері толық осы аппараттарда науқастарға зертханалық тексерулер жүргізілуде.
x

Check Also

Түркістан облысында 1,7 миллион адам МӘМС жүйесі арқылы сақтандырылған

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, медицина саласын жаңғырту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру бағытында Түркістан облысында бірқатар оң өзгерістер ...

Дәрігерлер сирек кездесетін мойа-мойа ауруына шалдыққан балаға күрделі ота жасады

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер сирек кездесетін ми қан тамырлары ауруына шалдыққан 13 жастағы науқасқа күрделі ота жасады. Мойа-мойа ...