КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ТЕАТРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА І ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

13-14 қазан күндері Қостанай облысы, Тобыл қаласында әзіл-сықақ театрлары арасында сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» ІІІ республикалық байқау-фестивалі өтті. Аталмыш байқауға Түркістан облысы, Келес ауданының «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театры қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
Байқау-фестивалінің мақсаты – Сейіт Кенжеахметовтың шығармашылық мұрасымен танысу, әзіл-сықақ театрларының орындаушылық шеберлігін шындау, еліміздің талантты өнерпаздарын анықтау, әзіл-сықақ театрларының бір-бірімен тәжірибе алмасуы арқылы өнерлерін жетілдіру, жандандыру.
Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан айтулы сатира сардары, сықақшы, танымал фольклорист, этнограф, жазушы, Сейіт Кенжеахметов атындағы фестивальге ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек (қазылар алқасының төрағасы), ҚР Мәдениет қайраткері, театр және кино актері Асылбек Боранбай, ҚР Мәдениет қайраткері, «Екі езу» театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан қазылық етті.
Айта кетейік, байқау ережесіне сәйкес, театр ұжымы бірінші кезеңде Сейіт Кенжеахметовтың «Шындық қалай шықты» шығармасы қойылса, екінші кезеңде еркін тақырып бойынша Нұрлан Имановтың «Дәрігер» қойылымын сахналады. Аталмыш әзіл-сықақ театрының жетекшісі – Бақыт Тұрсынов.
x

Check Also

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Парижде қырғыз және қазақ жырауларын марапаттады

2025 жылғы 17 мамырда ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас штаб-пәтерінде тарихта алғаш рет қазақ және қырғыз жырауларының қатысуымен дәстүрлі импровизациялық поэзия дуэлі ...

Түркістан төрінде күй күмбірлеп, ұлттық құндылықтар насихатталды

Түркістандағы «Конгресс Холл» кешенінде күй мен би үндескен ерекше музыкалық кеш өтті. Кешке еліміздің белгілі өнер майталмандары – Мемлекеттік сыйлықтың ...