Түркістан облысының жасөспірімдері көкпар мен аударыспақтан Қазақстан чемпионы атанды

Жуырда Көкшетау қаласында көкпардан және аударыспақтан жасөспірімдер арасында кезекті Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Түркістан облысының құрамасы ұлттық спортының төресі – көкпардан бас жүлдені иеленіп, мерейімізді үстем етті. Жеңіске деген күш-жүгерлері мықты өрендер Көкше жерінде өткен бұл додаға жоғары дайындықпен барыпты.

Көкпар додасына елімізден 10 команда қатысты. Түркістандық көкпаршылар финалда Алматы қаласының көкпаршыларын 12:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, ел чемпионы атанды. Көкпардан жасөспірімдер құрамасын сайысқа Түркістан облысының аға бапкері Бақтыбай Шырынқұлов бастап барды.

Аударыспақтан да чемпионат өтті. Республикамыз бойынша 15 командадан 90-ға жуық спортшы қатысқан дүбірлі додада жерлестеріміз 6 алтын, 1 қола медаль еншілеп, бірінші орынды иеленді. Жігіттер 8 салмақ бойынша сынға түсті. Туған елге олжалы оралған сайыпқырандарды Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің ұжымы зор қошеметпен қарсы алып, оларға сый-құрмет көрсетті.

x

Check Also

Шымкент спортшылары Азия кубогында жеңіс тұғырынан көрінді

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында ел спортшылары үздік нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі таңда спортшыларымыз 17 медаль ...

Шымкенттік студент армрестлингтен «Әлем кубогін» жеңіп алды

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында армрестлингтен өткен жарыста Шымкенттегі Жұмабек Ташенов атындағы университет студенті Нұрислам Амангелдіұлы «Әлем кубогын» жеңіп алды, деп ...