Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тұрғындарға түсіндіру, насихаттау мақсатында Шымкент қалалық әкімдігі жанынан үгіт-насихат тобы құрылған. Осы топтың мүшесі, «Дустлик» Қазақстан өзбектері қауы Шымкент университетінде студенттермен кездесіп, Президент Жолдауы төңірегінде әңгіме қозғады.
И.Хашимжанов Мемлекет басшысы Жолдауда білім саласына жан-жақты қолдау көрсету үшін Үкіметке арнайы тапсырмалар жүктегенін атап өтті. Соның ішінде Ғылым туралы заңнамаға жыл соңына дейін түзетулер енгізілетінін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру мерзімі 5 жылға ұзартылғанын, сонымен қатар, педагогтардың біліктілігін арттыру уақыты 3 жылдық мерзімге қысқарғанын баяндады.
-Президенттің «Министрлік білімді қазіргі заманға бейімдеуі қажет», «бізге білікті мамандар керек» деген сөздері тұтастай білім саласының жауапты мамандарына үлкен міндеттер жүктейді. Айталық ҚР Президенті өткен жылы Үкіметке Педагог мәртебесін және мұғалімдердің жалақысын арттыруды, отандық ғалымдарға ерекше назар аударуды, білім беру саласын жан-жақты қолдауды тапсырған болатын. Сол жоспарлар біртіндеп орындалып келеді. Ендігі мақсат білімге қатысты Жолдауда айтылған тапсырмаларды іске асырып, ағартушылық саланы әлемнің озық елдерінің терезесімен теңестіру, — деді И.Хашимжанов.
Мазмұнды өткен жиын соңында Шымкент университетінің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор Джанабаев Дәурен кездесуден жастар мол тағылым алғанын және Жолдауда айтылған сөздер студенттердің білімге құштарлығын оятып, елімізді болашағы жолында аянбай еңбек етуге жігерлендіретініне зор сенім білдірді.