Алюминий банкаларын шығаратын кәсіпорын жыл соңына дейін іске қосылады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов индустриалды аймақтардағы жаңа өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Қала әкімі алдымен «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы «KazAlPack» ЖШС алюминий банкаларын шығарушы зауыт құрылысының барысын аралап көрді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен қаржыландырылған «KazAlPack» аллюминий банкалар өндірісі жыл соңына дейін іске қосылады. 157 жұмыс орнымен ашылатын жобаны іске асыруға 23,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Жылына 500 млн дана қалбыр банкалар шығаруға қауқарлы.

Жоба аясында сыраны, шырындарды, газдалған және газдалмаған әлсіз алкогольді және алкогольсіз сусындарды құюға арналған түрлі көлемдегі оңай ашылатын қақпақтары бар, алюминий банкілерін шығару жоспарлануда.

Қазіргі таңда өндірістік және қойма үй-жайларын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік жабдықтар кезең-кезеңімен жеткізілуде. Бүгінде 80 % құрылыс монтаж жұмыстары аяқталды.

Экологиялық аспект маңызды факторлардың бірі. Алюминий банкі – әлемдегі экологиялық ең таза және қайта өңделетін қаптама. Алюминий банкаларының жартысынан көбі қайта өңдеуге жіберіледі. Оны қайта өңдеуге және қайтадан шексіз пайдалануға болады.

Қала әкімі кәсіпорын басшыларына құрылыс жұмыстарымен қатар, қазірден бастап мамандар даярлауға, бұл салада кәсіптік-техникалық колледждермен меморандум түзуді тапсырды.

x

Check Also

Шымкент: Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында алты отбасына жаңа пәтерлер берілді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынған болатын. Бірінші кезеңде Реновация ...

Мақсат — татулықты тұғырынан түсiрмеу

Бүгін «Достық үйінде» Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің ...