Туризм саласындағы студенттер Түркияда тәжірибе алмаса алады

Шымкент қаласының туризм саласында білім алып жатқан студенттер енді Түркияда тәжірибе алмаса алады.

Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының қызметкерлері іссапар аясында Анталиядағы Туризм академиясының ректоры Зафер Биккеноглумен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Анталиядағы Туризм академиясы халықаралық деңгейдегі қонақжайлылық пен туризм индустриясы үшін жоғары білікті мамандарды дайындайтын бірегей оқу орындарының бірі болып саналады.

Кездесу барысында туристік қарым-қатынасты жақсартып, жастардың өзара тәжірибе алмасуы, сондай-ақ, біліктіліктерін арттыра отырып, оқуға қолдау көрсету жөнінде келісім орнады. Нәтижесінде қаладағы жоғары оқу орындарының арасындағы келісім негізінде екі жақты оқу жоспарын жүзеге асыра отырып, халықаралық деңгейдегі 2 диплом алуға мүмкіндік берілмек. Ол үшін Түркия тарапы Шымкент қаласының туризм саласы бойынша білім беретін жоғары оқу орындарымен келісімге келуге әзір. Одан өзге, студенттер Анталия қаласындағы орналастыру орындарында 5 айлық өндірістік іс-тәжірибеден өтіп, халықаралық деңгейдегі сертификат алады.

Алдағы уақытта академия басшылығы басқарма, оқу орындары және туристік бизнес өкілдерімен меморандумға тұрған жағдайда түрлі іс-шараларға қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс жүргізуге дайын.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Көктем–2025» РКШОЖ: Шымкент қаласында практикалық шаралар өткізілді

2025 жылғы 6 ақпанда «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері ...

Из истории формирования и функционировании 30 лет ассамблеи народа Казахстана: Анализ, достижения и перспективы глазами молодых ученых города Шымкент

Ассамблея народа Казахстана — уникальная модель Казахстана во всем мире, поддерживающая общую сплоченность и единство мирного развития и процетания проживающих ...