Токио Олимпиадасында топ жарған боксшымыз Темірланға келді

Аудан әкімі Бағлан Батыршаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Сәкен Бибосыновты қабылдады.

Күншығыс елінде өткен байрақты бәсекеде Қазақ елінің намысын қорғап, көк байрағын көкке желбіреткен жерлесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы Олимпиадада тағы да чемпиондық тұғырдан көрінуіне тілеулес екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, спортты жанына серік еткен жасөспірімдердің, жастардың рухын шыңдауда, оларды спорт залдарға шақыруда Сәкен Исмадиярұлының еңбегі ерен екендігіне тоқталды.

«Биыл күш атасы –Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы. Қазақты жалпақ әлемге танытқан атамыздың рухы қолдап, әрбір сайыстарда тек биік мінберден көріне бергейсіз. Ауданымызда да Сәкенге еліктеп өсіп келе жатқан жастарымыз баршылық. Алда олар да ағаларының жеңісті жолын жалғап, Олимп шыңын бағындыратындығына сенімдімін», — деді аудан әкімі Бағлан Дәнебекұлы.

Кездесу соңында чемпионға аудан әкімінің Алғыс хаты мен Қажымұқан атамыздың бейнесі бедерленген кәдесый табысталды.

Аудандық «Jas Otan» жастар қанаты филиалының төрағасы Әділет Әбухайыровтың ұйымдастыруымен даңықты былғары қолғап шебері аудан жастарымен еркін форматтағы кездесу өткізді.

Жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алып, естелік суретке түсті.

Сапар барысында Токио Олимпиадасының жүлдегері Темірландағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайын аралап, ұлттың толғай перзентінің өмір жолымен танысты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Арыста биыл 600 орындық жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Арыс қаласында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Заман талабына сай бой көтеріп жатқан нысан ...

Түркістан әкімі құрылыс саласы мердігер мекемелерін сынға алды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен пайдаланудағы көпқабатты тұрғын үйлердің өзекті мәселелеріне арналған арнайы жиын өтті. Кездесуге құрылыс, сәулет және ...