Түркістан облысында ауыр жүк көлік апатынан үш адам қаза тапты

Түркістан облысында тас жолда жүк көліктерінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, 19 қыркүйек күні шамамен сағат таңғы 05.50-де Сауран аудандық полиция бөліміне ауыр жүк көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғаны жайлы хабарлама түскен.

Сауран АПБ полицейлері аталған жайтты бірден Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркеп, оқиға орнына жедел жеткен.

Полиция қызметкерлері Самара-Шымкент тас жолының 135 шақырымында Шымкенттен Түркістанға қарай бет алған DAF 460 жүк көлігі жол шетінде тұрған басқа DAF 105 жүк көлігімен соқтығысқанын анықтаған.

Салдарынан көлік жанында болған үш адам алған жарақатынан қайтыс болған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. DAF 460 жүргізушісі қамауға алынған. Сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Жетісай» индустриалды аймағында 2 мыңға жуық жұмыс орнымен 11 жоба іске қосылады

Жетісай ауданында өңір кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында Асықата кентінен 59 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриалды аймағы құрылған болатын. Қазіргі ...

Жетісайда биыл заманауи теннис орталығы ашылады

Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» ...