Шымкенттегі үш магистралды су құбырының құрылысы аяқталуға жақын — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттегі үш магистралды су құбырының құрылысы аяқталуға жақын

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбековтың қатысуымен өтіп жатқан пресс-тур барысында журналистер құрылысы жүргізіліп жатқан үш магистралды су құбырының құрылыс барысын аралап көрді.

Жалпы ұзындығы 11,37 шақырымды құрайтын «Көмешбұлақ» нысанының құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Қазіргі уақытта 8,3 шақырым құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталды. Нысан құрылысын осы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, ұзындығы 13,6 және 11,76 шақырымды құрайтын ауыз су құбырларының құрылысы да биыл аяқталып, жыл соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Аталған магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі уақытта қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 14 нысанның, яғни 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйелер құрылысы жүргізіліп жатыр.

Ал, бұл жылы барлығы 9 елдімекенде құрылыс жұмысы аяқталып, Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас, Жаңаталап және Сәуле шағын аудандары сапалы ауыз сумен қамтылады.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...