Шымкенттегі «Мәртөбе» кешенін көруге 70 мыңдай турист келген

Шымкент қаласының аумағындағы 110 туристік нысан бар. Оның ішінде жеті тарихи нысан республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына енген. Осындай тарихи әрі туристік нысанның бірі — Мәртөбе кешені.

Ерекше кешен Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабы мен Қарамұрт ауылының аралығында орналасқан. Қалашықтың орны ҮІІ-ХІІ ғасырларға тән. Биіктігі 6-7 метрді құрайды. Бұл аумақта әйгілі Дала парламентінің келелі жиындары өтіп, «Жеті жарғыға» мөр басылған.

Қолайлы климат, айналаның «бір көзден» көрінісі, Ташкент пен Түркістан сияқты ірі қалалардың жақын орналасуы — осы қазақ билері жиналатын жерді таңдаудың негізгі факторы болған.

Мәртөбе кешені бүгінгі таңда танымал туристік бағыттардың бірі болып отыр. Өткен жылдан бері Сайрам тұрғын алабындағы тарихи нысандарды тамашалауға 70 мыңдай турист келген.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шымкентте «Жомарт жан» орталығы игі іске ұйытқы болды

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан»орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін «ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан)балаларды қорғау» ...

Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасады

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға ...