«Сайрам көмекші мектеп-интернат колледжі» арнайы кешенінде құрылыс жұмыстары аяқталды

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Сайрам көмекші мектеп-интернаты бұдан былай «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Бұрынғы мектеп-интернаттың орнына типтік үлгідегі жаңа ғимарат салынуда. Бүгінде ғимарат құрылысы 95 пайызға аяқталып отыр. Оқу кешенінде 210 бала тәрбие мен білім алатын болады. Жобаға сәйкес оқу кешені жатақханамен, оқу ғимаратымен, акт және спорт залдарымен, медициналық пунктпен, асханамен қамтылған. Кешеннің 35 сыныптық бөлмелері оқу заманауи жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.

Заманауи үлгіде бой көтерген кешенде тігіншілік, аспаздық кәсіпті үйретуге арналған шеберхана бөлмелері, арнайы күтім қажет ететін балаларға арналған коррекциялық оқу, сенсорлық білім алу, психолог, логопед мамандардың сынып бөлмелері арнайы жабдықталып, жазғы спорт алаңы қарастырылған.

Мекеме оқушыларына арналған сабақтар қазақ тілінде жүргізіледі. Оқушыларға кәсіптік мамандықтар бойынша диплом беріледі. Қосымша білім беруде қолөнер үйірмелері жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, мектеп-интернаттың ғимараты 1916 жылы салынған. 1935 жылы қосымша бөлмелер қосылып, балалар үйі болған. 1975 жылы «Сайрам көмекші мектеп-интернаты» болып өзгертілді. Мекеменің функционалдық міндеттеріне арнайы оқытуды қажет ететін балалардың психофизикалық кемшіліктерін түзету, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру, еңбекке баулу және қоғамдық өмірге бейімдеу кіреді.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету

2024 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қолдау шараларын көрсету үшін бюджеттен – 12,3 млрд.теңге (2023ж.- 8,2млрд.теңге) қарастырылып, ағымдағы жылдың 1 желтоқсан ...

Жаңаталаптағы көпір күрделі жөндеуден өтті

Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабында орналасқан Бадам өзені үстінен өтетін көпірдің құрылысы 1974 жылы салынып, пайдалануға берілген болатын. ...