Пластикалық қалдықты кәдеге жаратты

 

Әлемдік деңгейде орын алған эпид ахуал кейбір кәсіпкерлердің ісіне кері әсер етсе, енді біреулеріне жаңа жобаларды жүзеге асыруына ықпал етті. Карантинде қарап жатпай ауылшаруашылығы саласындағы білімін бизнеспен ұштастырған жандардың бірі Жетісайлық Қозыбай Әшеков. Жылы су ауыл округінің тұрғыны ұлы Алтаймен бірге босаған баклашкалардан мақта теретін комбайнға аса қажетті шпиндельді щетка шығарып жатыр.

Бұған дейін мұндай щетканы көршілес Өзбекстаннан тапсырыспен алып келген механизаторлар ауыл азаматының бұл ісіне дән разы. Жергілікті өнімнің сапасының жоғары, бағасы да қолжетімді. Бір комбайнға 96 дана кететін бір маусымға жарамды өзбекстандық щетканың әрбір данасы базар нарығында 4 мың теңге болса, Қозыбай Әшековтың өнімі одан иекі есеге Әрі екі маусымға жарайды. Қолдағы барымен кәсіп ашқан азамат алдағы уақытта мемлекеттік қолдау мен несие алуға ниетті.

Қозыбай ӘШЕКОВ  — кәсіпкер

Бүгінде қол күшімен ғана жұмыс жүргізіп отырған азаматтар күніне 25 данаға дейін шпиндельді щетка жасап жатыр. Өткен жылы 28, биыл 40-қа тарта комбайнға өнім дайындалды. Тапсырыс күн санап артып отыр. Демек, қажеттілік бар.

Айта кетейік, Қозыбай Әшековтың отбасы шпиндельді щетка шығарумен ғана емес, сонымен қатар, жылы жай, бау-бақша өсіру ісін де қолға алған. Бүгінде ауылдың 60 пайызын жыл бойы көкөніспен қамтамасыз етіп келеді. Елдегі шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар жеке кәсіппен шұғылданамын, кәсібімді кеңейтемін деушілерге барлық мүмкіндіктерді беріп отыр. Бұл елдегі жұмыссыздықты жоюға оң әсері етері сөзсіз.

x

Check Also

Түркістан облысында өз кәсібін ашқан сотталушылар көбейіп келеді (видео)

Түркістан облысында пробациялық есепте тұрған жазасын өтеушілердің арасында шағын несие алып, өз кәсібін ашқандардың саны артып келеді, деп хабарлайды 24KZ. ...

Түркістанға соңғы бес жылда 65 мың адам көшіп келді (видео)

Түркістан облысында 30 жылда 500-ден астам елді мекенге ауыз су құбырып тартылып, 1 млн-дай халық сапалы су тұтына бастады, деп ...