Кәсібінің нәсібін көріп отыр

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтой құрметіне игілікті шаралар өз жалғасын табуда. Айтулы мерекеге орай Қазығұрт ауданындағы «Қазығұрт Нұры» шаруа қожалығыеңбегінің жемісін елге тарту етпек.Жеке кәсіпкер базар нарығынан төмен бағада Нұрсұлтан қаласының тұрғындарына 30 тонна қызанақ сатуға бел буып отыр.

Қазығұртта  биыл 164,38 гектар жерге  жылыжай салынды.  Шаруалар одан нәсіп еткен өнімін алып, жаңа бастаманы пайдалы кәсіпке айналдырып үлгерген.   Ендігі мақсат — баға тұрақтылығын қалыптастыру. Осындай мәселені шешу үшін ауыл кәсіпкері Серік Орманов жерлестеріне жеңілдік жасады.

Серік Орманов – «Қазығұрт Нұыры» ЖШС-тігінің атқарушы директоры

Бұл жылыжайдағы қызанақтың сорты өзгеше.  Әр түбі 10 келіге жақын өнім береді. Серіктестік жиын-терім кезінде 50-ге тарта адамды жұмыспен қамтып отыр. Солардың бірі көршілес Қарабау ауылының тұрғыны АйданаАсан.

АйданаАсан — жұмысшы

Бейбіт заманның мүмкіндігін  пайдаланған кәсіпкер 3 гектар жерге жылыжай салып, қысы-жазы елді көкөніспен қамтып отыр. Артылған өнімді көршілес өңірлерге апарып сатуда.

x

Check Also

Шымкентте ақсақалдар жастар тәрбиесі мен ұлттық келісім мәселесін талқылады

Шымкент қаласындағы «Достық» үйінде «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараны ...

Шымкентте студенттік құрылыс отрядтары қайта жаңғырды

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігі мен «Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен студенттік және жастар жасақтарының арнайы ашылу салтанаты ...