Ұлттық халық санағы – 2021ж. (Ордабасы ауданы)

Еліміз егемендігін алғалы үшінші рет халық санағы өткізілгелі отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазанда №1049 «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында халық санағы «Қазақстанда әр кім маңызды» деген ұранмен жүргізіледі.

Халық санағы 2021ж. I-кезеңі 1-30 маусым аралығында әрбір елді мекендердегі тұрғын және тұрғын емес үйлер санымен тұрып жатқан халықтың санын нақтылау жұмыстары жүргізілді.

Санақтың мақсаты — демографиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейде статистикалық деректерге деген пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Санақтың міндеті — уақыттың белгілі кезеңінде халықтың нақты сипаттамалары туралы ақпаратты жинау, әзірлеу және таратуы болып табылады.

Халық санақтары әлеуметтік және демографиялық ақпараттық негізі дереккөзі болып табылады.

Халық санағын өткізу нәтижесінде алынған деректер халық туралы ең нақты және анық, сипаттамалық ерекшеліктері және өткізудің, нәтижелерді жариялаудың ерекше қағидаттары бар мәліметтер болып табылады, бұл пайдаланушыларға алынған ақпаратты өзінің мүдделеріне пайдалануға мүмкіндік береді.

Халық санағы парақтарында мынадай ақпарат бар!

  1. Халық саны, оның өңірлер және елді мекендерде, ауылдық елді мекендер бойынша орналастырылуы;
  2. Тұрған орны және тұрған орнының арақатынасы бойынша көші-қоны;
  3. Халықтың жынысы және жасы бойынша құрылымы халықтың некелік құрамы, үй шаруашылықтарының құрылымы;
  4. Халықтың ұлты, ана және сөйлеу тілі азаматтығы бойынша құрылымы;
  5. Халықтың білім деңгейі, күнкөрістің негізгі қаражат көзі әлеуметтік жағдайы, экономика салаларында кәсібі бойынша құрамы;
  6. Туу көрсеткіштері;
  7. Тұрғын үй жағдайы.

Ауданға ІІ кезеңдегі санақты өткізу үшін 8 уәкіл, 21 нұсқаушы, 148 сұхбатшы жұмысқа тартылады, қазіргі таңда жұмысқа қабылдау жүріп жатыр. Бадам, Шұбарсу, Қараспан, Бөржар, Шұбар ауыл округтерінен сұхбатшылар жоқ болып отыр, жұмысқа келетін, осы елді мекендерден жастарды жұмысқа шақырамыз. 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында www.sanaq.gov.kz онлайн режимде санақтан әр бір азамат өтсе болады немесе 1-30 қазан аралығында Сіздің үй шаруашылығыңызға интервьер барған уақытта өте аласыз.

2021 жылғы халық санағының өткен санақтардан ерекшілігі биылғы жылы интервьерлер планшетпен аралап санақ парақтарының сұрақтарына халықтан жауап алып планшетке ендіреді, яғни электронды түрде жүргізіледі.

Ұлттық санақ 2021 – науқанына ауданымызда халық көптен шоғырланатын жерлерге базарға, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына, дүкендерге Ұлттық халық санағын ақпараттық қолдау бойынша, халық санағын насихаттайтын парақшалар ілінді.

Сұхбатшылардың ІІ-кезеңде алатын еңбек ақысы норманы орындаған кезде қолына тиетін еңбек жалақысы таза 82301,41 тиынды құрап отыр.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті Ордабасы ауданының статистика басқармасы Байланыс телефондары 8(725-30) 7-91-04, 8(725-30) 2-13-82.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Туркестанскую область с начала года посетили более 700 тысяч гостей

Туркестанскую область за 9 месяцев 2024 года посетили более 700 тысяч гостей. Об этом сегодня сообщил руководитель Управления туризма Туркестанской ...

Түркістан облысына жыл басынан бері 700 мыңнан астам қонақ келген

Түркістан облысына 2024 жылдың 9 айында 700 мыңнан астам қонақ келген. Бұл жайында бүгін Түркістан облысының туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет ...