Шымкенттік теміржолшылардың айлығы 10 пайызға көтерілді

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев шілде айынан бастап шымкенттік теміржолшылардың еңбекақысы 10 пайызға өсірілгенін мәлім етті.

Бауыржан Әлтеевтің жергілікті БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде айтқан мәліметіне сүйенсек, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясына қарасты Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлерінің айлығын 1 шілдеден бастап 10%-ға көтеру туралы шешім қабылданған.

«Көлік қызметкерлері күніне» орай кем дегенде 42500 теңге көлемінде сыйақы төленді. Сондай-ақ, желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 1 АЕК (42500 теңге) мөлшерінде сыйақы төленеді. 2021-2023 жылдарға жасалған жаңа ұжымдық шартқа өзгерістер енгізілді. 2021 жылғы маусымнан бастап станцияларда, разъездерде, жақын маңдағы ауылдық округтерде тұратын және осы станциялар мен разъездерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша ақы төленіп жатыр», — деді кәсіподақ басшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Оркестрлер шеруі қала тұрғындарына мәдени демалыс сыйлады

Шымкент қаласының Наурыз алаңында республикалық Оркестрлер шеруінің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай 15 және 17 маусым күндері Наурыз алаңында ...

Білікті хирург

Исаходжаев Алишер Бахтиярұлы 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, «Балалар хирургі» мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау ...