Әл-Фараби ауданында «Мектепке жол акциясы» өтті

Әл-Фараби ауданындағы көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» акциясы бастау алды. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев оқушылармен кездесіп, оларға жаңа оқу жылында толағай табыстар тіледі.

Сондай-ақ, аудандағы аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алмайтын көпбалалы отбасыларға, аз да болса көмек ретінде оқушыға қажетті жабдықтар жинағын табыс етті.

«Ауданымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосып, қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын созып жүрген атымтай жомарт азаматтар жетерлік. Қашанда айналасына жанашырлық танытатын жомарт жүректі жандар бұл жолыда аянып қалмады. Ауданымыздың демеушілерінің арқасында 100 отбасына мектепке қажеттіліктерін алып беруге мүмкіндік туды. Елім, жерім дейтін азаматтарға айтар алғысымыз шексіз»,-деді аудан әкімі.

Карантиндік шектеу шараларына байланысты 100 отбасыға құрал-жабдықтар салынған сөмкелер үйлеріне жеткізілді.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістандық сарбаз “Үздік шекарашы” атанды

Түркістандық сарбаз Бексейіт Кәдірбек “Шекараны үздік күзеткені үшін” медалімен марапатталды. ҚР ҰҚК Төрағасы генерал-лейтенант Ермек Сағымбаевтың және Шекара қызметі директоры ...

Түркістан: Қалалық сот төрағасы тағайындалды

Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қалалық сотының төрағасы Лебаев Әділбек Ғұламұлын таныстырды. Сондай-ақ, Президенттің 2025 жылғы 10 ақпанындағы №778 ...