Алып күштің атасы

Ресей, түрік, француз палуандарын,
Бозкілемде бүктірген тарландарын.
Жапонның бас терісін сыпырып ап,
Тәубеге түсірген-ді қалғандарын.
Көп құрмет көрген еді түріктерден,
Тым тату тұрып келді түріктермен…
Қайратына тәнті боп Қажы деген,
Қасиетті атақты түрік берген.
Ұлы Отан соғысында көмек берді,
Сол кезде қажет етті көмектерді…
Бір ұшақ майданға деп жасау үшін,
Қалтасынан қаржыны төлеп берді.
Белдесу деген «майданнан»,
Оралып жаны жайланған.
Жеңіліп көрмей жеңіспен,
Аты аңызға айналған…
Барша ел біліп АЛЫПты,
Қайратына қанықты.
Мұңайтпастың Мұқаны,
Әлемге елін танытты…
Алып күш бойын билеген,
Жауырын жерге тимеген.
Білектей болат темірді,
Қамырша қолмен илеген.
Жер-жерге даңқын жеткізген,
Елдерді елең еткізген.
Жолбарыс жүрек үстінен,
Жүк көлігін өткізген.
Күрескен бозкілемде салып күшті,
Кезінде әлем білді АЛЫП күшті.
Өмірге осындай ұл алып келген,
Қашаннан ҚАЗАҚ деген халық күшті!

Қазыбек Әшірбекұлы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Хат жаздым қалам алып қан майданнан»: Астанада майдангерлердің мұрағат хаттарынан жинақталған кітаптың тұсаукесері өтті

«Хат жаздым қалам алып қан майданнан»: Астанада майдангерлердің мұрағат хаттарынан жинақталған кітаптың тұсаукесері өтті Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Еуразия ...

Түркістандағы Шығыс моншасы бір шаммен жылытылғаны рас па

Тарихи нысан XVI ғасырдан бастап 1975 жылға дейін халыққа қызмет көрсетіп келді,-деп хабарлайды Қазақпарат. Шығыс моншасы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ...