Түркістан: «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жолдар жөнделді

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында облыстың әр аймағындағы елді мекендердің жолдары жөнделіп, көшелері жаңартылуда. Биыл Сарыағаш ауданы бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен Ақжар ауылдық округіне қарасты 8 көше және Дарбаза ауылдық округіне қарасты 4 көшеге орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жөнделетін жолдардың ұзындығы – 20 шақырымға жуық.

Қазіргі таңда Дарбаза ауылдық округіне қарасты төрт көшеге толықтай асфальт төсеу жұмыстары аяқталған. Ақжар ауылдық округіне қарасты екі көшеге Ынтымақ пен О.Еспенбетов көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары аяқталды. Ал, қалған алты көшеге шағал төсеу жұмыстары жүргізіліп, тамыз айының соңына дейін асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл көшелердегі жол құрылысы аяқталған бетте пайдалануға берілетін болады.

«Ауыл – ел бесігі» ауқымды жобасы аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдар қарқынды дамып келеді. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Жетісай» индустриалды аймағында 2 мыңға жуық жұмыс орнымен 11 жоба іске қосылады

Жетісай ауданында өңір кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында Асықата кентінен 59 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриалды аймағы құрылған болатын. Қазіргі ...

Жетісайда биыл заманауи теннис орталығы ашылады

Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» ...