Өскеменде Қажымұқанның 150 жылдығына арналған сайыс өтті

Өскеменде батырлар сайысы өтті. Атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған додаға 10 атлет қатысты.

Олар салмағы 100 келі болатын қап, бөрене мен тас көтеріп, лом майыстырып, боз кілемде белдесті. Қажымұқан бабамыздың бүгінгі ізбасарлары нағыз мықты екендерін дәлелдеді. Турнирде Ахметкали Салават, Александр Никитин, Максим Осипов жеңімпаз атанды. Қара күш иелері елордада өтетін финалда облыс намысын қорғайды. Бұл доданы қазақстандық спортшылар одағы ұйымдастырды.

Сергей Цырульников, Гиннес рекордтар кітабының рекордшысы, жоба авторы:
— Аталған турнир тек спортты ғана насихаттамайды. Біз бұл жарысты даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін ұлықтауға арнап отырмыз. Яғни турнирге қатысқан әр спортшы осы аты аңызға айналған бабамыздың ерлігін қайталауы керек. Өйткені сайыс түрлері сол кісінің өмірбаянынан алынған. Осылайша өзіміздің өткенімізді, атақты тұлғаларымызды тәрбие көзіне айналдырып, жастарға үлгі етпекпіз.

© 24.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

В Казахстане запускается пилотный проект единого ваучера на спорт, творчество и дополнительное образование

Ежегодно государство финансирует посещение детьми творческих кружков, спортивных секций и программ дополнительного образования. Однако, в ходе проверок были выявлены серьёзные ...

Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуын қаржыландырып келеді. Алайда жүргізілген тексерістер барысында ...