Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті — Xnews — ақпарат агенттігі

Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандағы бірқатар нысандарды аралады. Қайнарбұлақ ауылдық округі, Құрлық елді мекеніндегі егіншілікті кәсіп еткен «МАЛИКЕ» шаруа қожалығы алғаш өнімін жақында ғана экспортқа шығарған. Шаруа қожалығының басшылығы 3 гектар жерге өткен жылдың соңында түркиялық агрономдармен бірігіп, бірінші рет қияр еккен. Бүгінде 600 тоннаны құрайтын өнімін жинап үлгерген жылыжайдан жылына екі өнім алуды көздейді. Сондай-ақ сүт өнімдерін өндіретін «Айкан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктін аралап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Түркістан облысының аудандарында болып, кездесулер өткізуде. Жергілікті тұрғындардың жай-күйіне қанығып, өзекті мәселелерге қатысты ұсыныс – пікірлерін қаперге алуда.

Сенаторлар Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының VII шақырылымнан бергі жұмысының нәтижелері туралы Түркістан облысы аудандарының тұрғындарымен кездесуінде айтып берді. Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев өңірге сапары барысында мәслихат депутаттарымен және Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарының активімен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында мәслихат депутаттары әлі де өз шешімін талап ететін мәселелерді көтеріп, бірқатар ұсыныстар айтты. Олардың қатарында облыстың Шардара және Жетісай аудандарында фермерлерді отынмен және тыңайтқыштармен дер кезінде қамтамасыз ету, сондай-ақ сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесі бар.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...