Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап тағы рекорд орнатты — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап тағы рекорд орнатты

Белгілі атлет, түрлі экстрималды жаттығулар бойынша әлем рекордын жаңартқан қазақ балуаны Темір Сыпатаев Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойына арнап тағы бір рекорд жасады.

«Қазақтың даңқты палуаны, күш атасы – Қажымұқан атамыздың 150 жылдығына осы рекордымды арнаймын, Aлла разы болсын баршаларыңызға», — деп жазды балуан Instagram-дағы парақшасында.

Ұсынылған видеодан балуанның түйені көтерген бойы 30 қадамдай жүріп өткенін көруге болады.

Темір Сыпатаев осыған дейін K-700, КамАЗ, пойыз сияқты ауыр техникаларды сүйреп, өгіз көтеріп жұртты таңғалдырған болатын.

Айта кетейік, тағы бір отандасымыз таға июден Қазақстан рекордын жаңартып, ол әрекетін Қажымұқанның мерейтойына арнады.

Еске салсақ, биылғы 3 ақпаннан бастап Қажымұқанның 150 жылдығына орай республикалық видеочеллендж бастау алған болатын. Темір Сыпатаевтың рекорды сол челенджді жаңа деңгейге шығарып отыр.

Ресми құжаттарға сүйенсек, 7 сәуір күні қазақтың әйгілі балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толды.

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығының ашылу рәсімі 10 ақпан күні Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған республикалық мектеп-интернат-колледжінде Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен өтті.

Былтыр күзде Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт кешені салынатыны хабарланған еді.

Ал, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев балуанның мемориалдық кешені биыл салына бастайтынын айтты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық кезеңинде ақпараттық кеңістікке мониторинга жүргізуді жалғастыруда

Дауыс беру күні жақындахан сайын әлеуметтик желалерде сайлауды әділ ұйымдастыруға күмән келтиретін жарияланымдар санының арта тюсетіні белгілі. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай ...

Социальная поддержка, экология и предпринимательство: главные темы агитационной кампании

В рамках предвыборной кампании политические партии продолжают проводить мероприятия в различных регионах страны. Встречи проходят с участием трудовых коллективов, представителей ...