Қажымұқанның 150 жылдығын тойлау басталды

Бүгін елордада даңқты қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы басталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысқан іс-шара Қ.Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған республикалық білім ордасында өтті.

Министр алдымен даңқты балуанның атына берілген бірден-бір мекемені аралап шықты.

Бұл — біздің мемлекетіміздің алғыр саясатының арқасы. Қазіргі таңда саламатты өмір салтын ұстану мен спортпен шұғылдануға мемлекет көп көңіл бөліп отыр. Бұл мектеп мемлекетіміздің спорттық элитасы болып отыр. Әрине, бұл оқушылар мектептен түлеп ұшқаннан кейін саламатты өмір салтын ұстануды көпшілікке үлгі ететіні сөзсіз, — деді Ақтоты Райымқұлова.

Сондай-ақ, министр Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылатын спорт жарыстары туралы айта кетті.

Әртүрлі спорт түрлері бойынша жарыстар өткіземіз. Оның ішінде Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай қазақ күресіне басымдық береміз. Өз кезегінде Қажымұқан Мұңайтпасов күрестегі өнерімен ғана емес, үлкен ақыл иесі болған. Домбыра құлағында жақсы ойнаған. Сол себепті біз өз спортшыларымыздың жан-жақты болғанын қалаймыз, — деді ол.

Жалпы оқу орнында 280 бала оқиды. Оқу бағдарламасы 18 олимпиадалық спорт түрлері бойынша әзірленген.

Қ.Мұңайтпасов атындағы мектептің директоры Мәлік Сапашевтың айтуынша, осы мектеп түлектері әртүрлі спорт түрлері бойынша ұлттық құраманың 62 пайызын құрап отыр.

Сонымен қатар, тәлімгерлер әр жарты жыл сайын білім және дене тәрбиесі бойынша аттестациядан өтіп тұрады.

Біз әрбір оқушыға сапалы білім беруге ұмтыламыз. Сонымен де оқу тәртібі қатал. Біздің отыз жеті ұстазымыздың жиырма бесі жаңартылған бағдарламадан өтіп, үш педогог шебері мен 20 зерттеуші деңгейіндегі мамандар бар. Бұл Қазақстан бойынша өз қатарлас мектептеріміздің арасында ең үздік көрсеткіш деп білемін, — деді Мәлік Сапашев.

Дереккөз: Baq.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты

Алдын ала қорытынды: 7 млн 820 мың 918 адам: Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған Аймақтар бойынша ...

Референдум ТМД байқаушылар миссиясының жіті бақылауында

Науқанды қадағалауға Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен 74 байқаушы келген. Олар өңірлерді аралап дауыс беру барысын бақылайды. ...