Қажымұқан ізбасарлары

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында алаштың алыбы Қажымұқан Мұңайтбасұлының 150-жылдығына арналған қазақ күресінен студенттер арасында ашық біріншілік болып өтті.

Батырлар алаңында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Болашақ университеті мен колледжі және Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің палуандары күш сынасты.

Сайыстың ашылу салтанатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректоры Нұрлан Уразбаев даңқты балуан Қажымұқанның аты мәңгi есте қалатынын айтып, бүгiнгi iзбасарларына жолын берсін деген игі тілегін білдірді.

Боз кілемдегі бәсекеде 40 қа жуық палуандар 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Әр салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындарға ие болған спортшылар дәрежелі дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аталған оқу орындарының барлығы да өз мықтылықтарын дәлелдеп, күштері тең түсті десек артық емес.

Тартысты өткен шара барысында жас спортшыларымыздың көзінде жалындаған от пен жеңіске деген ұмтылыстары болашағымыздан зор үміт күттіреді. Жас спортшыларымыз биік шыңдарды әлі талай бағындырары сөзсіз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Фуджейра төрінде көк ту көтерілді: Ромашкин Хамзаальпер – әлем чемпионы!

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таэквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. 80 елден келген 811 жас спортшы жүлде жолында ...

Сразу 8 медалей завоевали казахстанские школьники на Азиатской олимпиаде по физике

С 4 по 12 мая в городе Дахран в Саудовской Аравии прошла 25-я Азиатская олимпиада по физике (APhO2025). В престижном ...