Назарбаев ҚХА төрағасы лауазымын Тоқаевқа тапсырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының басшысы қызметінен кетеді. Ол өз өкілетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды, — деп хабарлайды xnews.kz.

Бүгін елордада Елбасының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы өтті

Оның барысында тұңғыш президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының лауазымын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеді.

«Тағы бір маңызды сәтке назарларыңызды аударғым келеді. Өздеріңіз білетіндей мен 2019 жылдың 18 наурызында президент өкілеттігін атқаруды тоқтатынымды мәлімдедім. Билік сабақтастығы мәселесі 2019 жылы конституциялық жолмен шешілді. Мен өзім жақсы білетін адамды таңдадым. Бүгін де бұл таңдаудың дұрыс болғаны белгілі болып отыр. Бұнымен тоқтамай әрі қарай жылғым келеді. Бұл да мен үшін маңызды қадам. Біз сіздермен бір күрделі жолды өткердік.

Маған үнемі қолдау білдірген Ассамблея мүшелеріне алғыс айтқым келеді. Бұл мен үшін өте маңызды болды.

Конституциялық және Ассамблея туралы заңға сәйкес, маған Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы лауазымын өмір бойы атқару құқығы берілген. Жалпы мен сіздермен барлық уақытта бірге боламын әрі одан бас тартып отырғаным жоқ. Алайда Ассамблея елдің қазіргі президентіне тірек болуға тиіс. Сондықтан мен Ассамблеяға төрғалық ету құқығын Тоқаевқа тапсыру туралы шешім қабылдадым», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі болып Марат Әзілханов тағайындалған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық мәртебеге ие, ол Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сайлауға құқылы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Глава государства назвал Китай добрым соседом и проверенным временем надежным стратегическим партнером Казахстана

По его словам, отношения между нашими странами носят устойчиво стабильный характер и не подвержены негативному влиянию геополитических вызовов и потрясений, ...

Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады

Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы тұрақты сипатқа ие әрі оған геосаяси сын-қатерлер мен дүрбелеңдер, сондай-ақ халықаралық ахуал теріс әсер ...