Әлия Юсупова ҚР гимнастика федерациясының басшысы болды

Танымал гимнаст Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды. Сайлау федерацияның конференциясы барысында өткізілген, деп хабарлайды olympic.kz

Әлия Юсупова өзі үшін бұл тосын сый болғанын айтады.

«Бұл мен үшін де және көпшілік үшін де күтпеген жайт болды деп ойлаймын. Мен үшін бұл тағайындау — жұмысымдағы жаңа кезең, жаңа сынақ. Маған сенім артқандарыңыз үшін Ақтота Рахметоллақызы басқаратын Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс айтамын.

Сонымен қатар Үміт Болатханқызына да он жыл бойы атқарған жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ бас бапкер ретінде қызметімді жалғастыра берем, өйткені бұл жаңа тағайындау қоғамдық қызмет болып табылады», — дейді Әлия Юсупова.

Гимнаст спортты дамытып, жақсы нәтижелерге жету үшін барын салуға ниетті.

«Өзгелер сияқты жалғыз мақсат қоюдамын — спортты дамыту және елге пайдамды тигізу. Мен үшін бұл оңай болмайтын түсінемін, алайда менің тәжірибем, білімім мен күшім, сондай-ақ Федерация мүшелерімен бірлескен жұмыс көптеген мәселені максималды түрде шешеді деп ойлайымын. Біз бірге өз федерациямызға кіретін барлық спорт түрлерін дамыту және танымал ету бойынша жұмыс істейтін боламыз», — дейді спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан гимнастика федерациясын Үміт Шаяхметова басқарған еді.

Әлия Юсупова көркем гимнастикадан Афины және Бейжің Олимпиадаларының қатысушысы, Азияның абсолютті чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы сонымен бірге көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

Түркістан облысы Полиция департаменті мен облыс прокуратурасының бастамасымен сотты болғандардың қайта қылмысқа баруына тосқауыл қою мақсатында 1000 адамның қатысуымен ауқымды ...

Түркістан облысында 1000 адамды жұмыспен қамтитын зауыттың капсуласы салынды

Түркістан облысында «Саутс-ойл» компаниясының «Созақ фосфат» инвестициялық жобасы аясында фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауытының құрылысы басталды. Созақ ауданында жүзеге асатын жобаға ...