Түркістан облысында коронавирусқа шалдыққан әйел дені сау бала босанды

Түркістан облысы Сайрам ауданының 25 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен дәрігерлер бақылауында болған. Сайрам аудандық орталық ауруханасына жүктілігіне байланысты жеткізілген. Дәрігерлер ана мен бала өміріне төнген қауіпке байланысты, кесарь тілігімен босандыруға бел буады.

Дер кезінде жасалған шұғыл медициналық көмектің арқасында жүкті әйел дені сау қыз баланы дүниеге әкелді. Қазіргі таңда босанған әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, перзетханада дәрігерлердің бақылауында. Нәрестенің де жағдайы жақсы.

Жалпы, Сайрам ауданында бұл пандемия басталғалы коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталған 6-шы жүкті әйелдің босануы. Босанған әйелдер дертті жеңіп, диспансерлік есептен алынған.

Әлемдік деңгейде қауіп төндіріп, адамзат баласының алдын ораған ауруға байланысты жарияланған карантиндік режимге қарамастан дәрігерлердің кәсібилігінің нәтижесінде жыл басынан бері Сайрам аудандық перзентханасында жалпы 3795 сәби дүниеге келген. Олардың 500-ден астамы ота арқылы туылған. Аудан халық тығыз орналасқан аймақтар қатарына жатқандықтан жыл сайын 4000-ға жуық сәби дүниеге келеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуына орай «TURKISTAN STYLE» ...

Түркістан: Ордабасыдағы шалғай елді мекендерде жол жөндеу жұмыстары қарқын алған

Ордабасы ауданына қарасты Қараспан, Қалаш ауылдарын жалғайтын аудандық маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 9 шақырымды құрайтын жол ...