Түркістандық боксшылар ел чемпионатында жүлделі орындарды иеленді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістандық боксшылар ел чемпионатында жүлделі орындарды иеленді

Шымкентте өткен әуесқой бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өз мәресіне жетті. Апта бойы жалғасқан тартысты бәсекенің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды.

Өте тартысты өткен дүбірлі додада жалпы Түркістан облысының құрамасы екі күміс, екі қола медальді еншіледі. 52 келіде Сәкен Бибосынов жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінсе, +91 келіде Нұрлан Сапарбай күміс алқаны мойнына ілді. Ал 81 келіде Әбдікерім Бекболат пен 91 келіде Абзал Құттыбеков қола медальді құрама қоржынына салды.

Ерлер арасында жалпы командалық есепте Маңғыстау облысы көш бастады. Маңғыстаулық боксшылар биылғы ел біріншілігінде екі алтын, екі қолаға қол жеткізген. Бір алтын, екі күміс және бір қола жүлде жеңіп алған Нұр-Сұлтан қаласының боксшылары медаль кестесінде екінші орыннан көрінді. Сондай-ақ, бір алтын, бір күміс және үш қола жүлдені иеленген Жамбыл облысының командасы үздік үштікті қорытындылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы тағайындалған қаржылай сыйлықтар мен кубок, медаль және алғыс хаттармен марапатталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...