Түркістан облысының аудандарындағы елдімекендер 99,8% газбен қамтылады — Xnews — ақпарат агенттігі
© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының аудандарындағы елдімекендер 99,8% газбен қамтылады

Биыл өңірде 43 табиғи газ нысанының құрылысын жүргізуге 14 млрд. теңге бөлініп, жылдың қорытындысымен 20 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде, 423 елді мекен немесе 1 млн. 275 мың тұрғыны табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы Түркістан шаһарында өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Облыс басшысының айтуынша, жыл қорытындысымен, 154 мың тұрғын табиғи газбен қамтылады. 2025 жылдың қорытындысымен Түркістан облысының аудандардағы 802 елді мекенді 95% немесе 1,9 млн. халық 99,8% табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Табиғи газға қосылған елді мекендердегі тұрғындарға әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 56 нысанның құрылысына 18,9 млрд. теңге қарастырылып, қамту деңгейі 82,7% құрайды. Соның ішінде, 35 нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Жыл қорытындысымен, 19 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылса, 6 елді мекендегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. 2 018 100 халқы бар Түркістан облысында 843 елді мекен, оның ішінде, 7 қала мен 836 ауылдық елді мекен бар. Облыс бойынша 843 елді мекеннің 678-сы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Атап айтсақ, қалалар — 97,9 %, ауылдық елді мекендер – 91%.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...