Түркістан мен Қызылорда облыстарын су басуы мүмкін — Шөкеев (видео)

Шардара су қоймасында апат болса, Түркістан облысында 60 мыңнан астам және Қызылорда облысында 200 мыңнан астам адам тұратын елді мекендерді су басып қалуы мүмкін деп хабарлайды Xnews «Sputnik«-ке сілтеме жасап..

Шардара су қоймасының мәселесі шешілмесе, Түркістан мен Қызылорда облыстарында 260 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді су басуы мүмкін.

Облыс әкімі үкімет назарын Шардара су қоймасының проблемасына аударды.

Айтуынша, Түркістан облысындағы Шардара су қоймасының сыйымдылығы – 5 миллиард 200 миллион текше метр. Су қоймасы Арнасай су торабын қоса есептегенде, секундына 2 570 текше метр су тастай алады.

«Бірақ 1969 жылы өтімі секундына 4210 текше метр су келіп, апатты жағдай болған. Міне, қазір елу жылдан асты. Мұндай апаттар елу жылдың көлемінде болып тұрады. Сондықтан осындай жағдай қайталанса, Шардара, Отырар аудандары, Арыс қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауындағы елді мекендері, яғни Түркістан облысында тұратын 60 мыңнан астам тұрғыны бар және Қызылорда облысында 200 мыңнан аса адам тұратын елді мекендерді су басып қалу қаупі бар», — деді Шөкеев сенаттағы үкімет сағатында.

Айтуынша, бұл мәселе 5-6 жыл бойы көтеріліп келеді, бірақ әлі шешімін таппаған.

«Министрлік, үкімет осыған назар аударса дейміз. Сондықтан шұғыл түрде Шардара ауданында Шардара су қоймасының оң жақ жағалауынан өтімі секундына 1500 текше метр болатын апатты су қашыртқы салу өте қажет. Бұл кезек күттірмейтін мәселе екі облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін», — деді облыс басшысы.

© Бірінші арна Еуразия

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Қазақстан геологиясы әлемдік инвесторларды тартады: елге қазірдің өзінде 12 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған

Қазақстанның геологиялық саласы сенімді дамуды және халықаралық инвесторлардың жоғары қызығушылығын көрсетуде. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық тартымдылығын ...

Коллегия Минобороны: министр обороны определил приоритетные задачи развития войск

Под председательством министра обороны генерал-полковника Руслана Жаксылыкова в Карагандинском гарнизоне состоялось выездное заседание коллегии Министерства обороны, в ходе которого были ...