© Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында саз колледжінде түрлі этнос өкілдері арасында «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті.

«Ұлт үні» керуенінің мақсаты – татулықты нығайту арқылы Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шәмші Қалдаяқов сынды қазақтың танымал тұлғаларының шығармаларын насихаттау, қазақ халқының өнерін танытуда этнос жастарына қолдау көрсету болып табылады.

Жоба 2 кезеңнен тұрды: түрлі этнос өкілдері арасынан байқауға қатысушы үміткерлерді іріктеу және этностар тығыз шоғырланған тұрғын алаптар мен шағын аудандарда концерттік бағдарламамен шығу кезеңдері.

Байқаудың алғашқы кезеңіне іріктеу қаладағы 4 ауданда өтті. Жалпы, 82 үміткер қатысып, арнайы жасақталған комиссия 20 нөмірді таңдап алды. Қазылар алқасы өнерпаздардың өнерін тамашалады.

Керуен-байқаудың үздік қатысушылары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында арнайы марапатталатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов пен Президент Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығымен құттықтады. Мемлекет басшысы ...

Түркістанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық ән байқауы өтті

Бүгін «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыстық патриоттық ән байқауы ұйымдастырылды. Шараға өңірдің барлық аудан-қалаларынан келген, ...