Шымкентте инвестиция көлемі 10 айда 54,7 пайызға артты — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте инвестиция көлемі 10 айда 54,7 пайызға артты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен онлайн форматта Үкімет отырысы өтті. Жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.

Қалада пандемияның экономикаға кері әсерін төмендету үшін дағдарысқа қарсы іс-шара жоспары бекітілген. Ағымдағы жылдың 10 айында бірқатар көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізілді.

Атап айтқанда, ауылшаруашылық өнім көлемі (30,8 млрд.теңге) 2,0 пайызға, инвестиция көлемі (223,2 млрд.теңге) 54,7 пайызға, құрылыс көлемі (87,6 млрд.теңге) 64,2 пайызға артты. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі (383,8 мың шаршы метр) 3,1 пайызға, бөлшек сауда көлемі (320,9 млрд.теңге) 1,2 пайызға ұлғайды.

Пандемия салдарынан өнеркәсіп өнімінің көлемі 523,6 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 97 пайызды құрады (жылдық жоспар 98%).

Айта кетейік, «ПКОП» мұнай өңдеу зауытының бекітілген жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 10 айында 3,9 млн. тонна өнім өндірілген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...