Шымкентте айына 5 млн. медициналық бетперде шығарылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте айына 5 млн. медициналық бетперде шығарылады

Шымкент қаласында тәулігіне 150 мың дана медициналық бетперде, 200 мыңға жуық қолғап дайындалады.

«Bіzhon» ЖШС-ы айына 5 миллионға жуық медициналық бетперде тігетін еліміздегі бірден бір кәсіпорын. Бетперделер үш қабатты бір рет қолданылады.

Ал «Қазмедпром» медициналық компаниясы Қазақстандағы медициналық қолғаптың барлық түрін шығаратын алғашқы мекеме. Өндіріс орны 2016 жылы құрылған. Аумағы 1,2 гектар құрайтын кәсіпорын «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан. Бүгінде күніне 170-200 мың дана қолғап шығарады. Олардың қатарында стерильді, стерильді емес, диагностикалық, табиғи және синтетикалық секілді медициналық қолғаптар дайындалады.

Компания 68 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта өндірісте және үй шаруашылығында қолданатын қолғаптар дайындау жоспарлануда.

Аталған медициналық өнімдер тек Шымкент қаласының ғана емес еліміздің нарығына шығарылып жатыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...