«Шымкентке 2200» атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Шымкентке 2200» атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды

Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент 2020 – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне орай «Шымкентке 2200 жыл» атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды.

Салтанатты іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан игі бастамаға сәттілік тіледі.

Бұл тойдың жөні бөлек. Жиынға келген барлық қатысушылар арман-тілектерін қағазға жазып, оны керуен қоржынына салды. Уақыт керуені қала көшелерін аралап, халықтың ыстық ықыласы толтырылған қоржынымен 22 қараша күні сағат 18.00-де ескі қалашық «Цитадель» қақпасына келіп тоқтайды. Сонымен қатар, керуен қоржыны қаламыздың тарихын айшықтайтын 2200 кітап, Шымкент қаласының символына айналған қызғалдақ тұқымы және халықтың тілегіне толтырылып Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласына аттанады.

Бүгінгі іс-шара соңы Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасы аясындағы EcoSana сенбілік акциясына жалғасты. Қатысушылар дендрологиялық саябақ ішіне тал егіп, акцияға қолдау көрсетті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...