Сарыағаш ауданында төрт оқушы олимпиада жеңімпазы атанды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сарыағаш ауданында төрт оқушы олимпиада жеңімпазы атанды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының 4 мектеп оқушысы олимпиада жеңімпазы атанды. Олардың қатарында №27 Шәкәрім атындағы жалпы орта мектебінің шәкірті Абылай Жолдасбек, №38 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сәтбай Бағдат және №74 жалпы орта мектебінің оқушылары Маржан Сейдрахим мен Мағжан Оңлабек бар.

Олар Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, «Iqanat білім беру қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен облыстық олимпиада ойындарының іріктеуінен өтіп «IQanat» республикалық олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Жолдама алған оқушылар 10-11-сыныптарды аталған мектепте тегін және халықаралық стандарттармен білім алатын болады.

Олимпиадаға қатысу үшін жалпы ауданнан 791 оқушы онлайн режимінде өтініш берген. Оның 239-ы аудандық турдан өтсе, облыстық турдан 12 оқушы іріктеліп, үшінші республикалық турға жолдама алды.

Айта кетейік, аталған олимпиада ауыл мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында 4 пән бойынша әр жартыжыл сайын өткізіледі. Атап айтсақ, математика, физика, ағылшын тілі, әдебиет. Республикалық олимпиаданың мақсаты – ауылды жерлердегі зерек балаларды қолдау, олардың отандық және шетелдік университеттерде білім алуына мүмкіндік беру.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...