Премьер-лигада Түркістанның өз футбол командасы болады

Қазақстанның футболдан Премьер-лигасы Түркістан командасымен толығады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс басшысына: «Қазақстанның Премьер-лигасында Түркістан облысының жеке футбол командасы бола ма?» деген сауал қойылған еді.

«Әрине болады. Мұндай стадион салынғаннан кейін Премьер-лигада команда болуы керек. Қазіргі уақытта бірінші лигада үш командамыз бар. Үшеуі де жоғары сатыда жүр — «Қыран», «Арыс», «Мақтаарал» командалары. «Қыран» — 2, «Арыс» — 3, ал «Мақтаарал» командасы 4-орында тұр. Қазір бізде осылардың арасынан құрастырып, Премьер-лигада ойнайтын бір команда шығарамыз деген ойымыз бар. Сонымен айналысып жатырмыз», — деді Өмірзақ Шөкеев.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды

Олимпиада лицензиясын иеленген спортшылардың есімдері биылғы 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен шорт-тректен Әлемдік турдың қорытындысы бойынша анықталды. Нәтижесінде ...

Түркістанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық ән байқауы өтті

Бүгін «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыстық патриоттық ән байқауы ұйымдастырылды. Шараға өңірдің барлық аудан-қалаларынан келген, ...